ƏЙЕЛДІҢ ТОҒЫЗ ЖҰТЫ…
Өсекті судай сапырып, гулетіп сөзді ескені..
Көсемсіп, көкіп,шаптығып, төбесін ердің тескені..
Білмей-ақ даттап біреуді, тон болса сырттан пішкені..
Қолында өтпес пышағы, қиқалап нанын кескені..
Қадірін білмей жарының, табысын шашып бөскені..
Арақ ішіп, ар шашып, темекі болса шеккені..
Бар нəсібін жаратпай, кепиет қып жерге төккені…
Кешіре алмай кектеніп,ұмытпай жүрсе өкпені..
Жемісін төгіп бермесе, жайқалтып жерге еккені..
Тілегі ондай əйелдің, ауаға ұшып кеткені..
ƏЙЕЛДІҢ ТОҒЫЗ ҚҰТЫ…
Жаман бір сөзді естімей, жақсыға құлақ түргені..
Ашуын жаннан бездіріп, сабырлық етсе жеңгені..
Қанына сіңген қасиет боп, өнеге болса көргені..
Намысын жағып ұрпақтың, өсиет боп қалса бергені..
Қазаны оттан алынбай,адалдан болса жегені..
Үйілмей ыдыс-аяғы, жуылып тұрса тегені…
Анасындай аялап, қадірлей білсе енені..
Азаматын қастерлеп, бола алса өзі төмені..
Жайқалып тұрса бағында, терегі, қайың, емені..
Шарқ ұрып сонда бір бақыт, жарқ ете түсер дегені…
ҰЛДАН ҚОЙШЫҚЫЗЫ.
Көркем мінез.