ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ ТҮРКІСТАНДА
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Түркістан облысына жұмыс сапары аясында өңір басшысы Өмірзақ Шөкеевпен кездесті. Ведомство жұмысының басым бағыттары туралы хабардар ете отырып, А.Гиният жаңа медициналық бекеттер мен дәрігерлік амбулаториялар салуды, ФАП-тарды кеңейтуді көздейтін ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту жөніндегі ауқымды жоба жайлы жеткізді. Бұл әсіресе шалғай елді мекендері дамытуға бағытталмақ.
Жоба аясында аудандық және ауданаралық ауруханалардың мәртебесі артып, олардың базасында инсульт орталықтары, шағын инвазивті хирургия бөлімшелері ашылады. Сондай-ақ, бұл жоба ауыл тұрғындары үшін кәсіби тексерулерді кеңейтуді, медицина кадрларын даярлауды көздейді. Ауыл тұрғындары үшін мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында аудандық және ауданаралық ауруханалардың мәртебесі арттырылатын болады, деді министр.
Аудандық ауруханалар базасында инсульт орталықтары, шағын инвазивті хирургия, травматология, медициналық оңалту бөлімшелері ашылады.
Министр дәрігерлердің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру жөніндегі заң жобасына тоқталып өтті. Қазір ол Парламентте қаралуда.
«Аталған заң жобасы адам денсаулығына келтірілген зиянды өтеу тетігі арқылы емделушінің мүддесін қорғауға бағытталған, сондай — ақ бұл нормалар халыққа көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын жақсартуға ықпал етеді, дәрігерлердің мәртебесін арттыруға мүмкіндік береді», — деді А.Гиният.
Облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев аталған бастамалар бойынша қолдау білдіріп, жаңа денсаулық сақтау нысандарының құрылысын іске асыру, медициналық ұйымдардың кадрлық қамтамасыз етілуін қолдау, пайдалануға берілетін нысандарды заманауи жабдықтармен жарақтандыру жоспарларын атап өтті.
Түркістан облысына жұмыс сапары барысында министр жаңадан бой көтерген жедел медициналық жәрдем станциясымен танысып, «Қамқорлық» балаларды оңалту орталығында болды. Түркістан қалалық емханасының үздік тәжірибелер орталығының жұмысын көріп, өңірдің медицина қызметкерлерімен кездесті. Түркістандықтармен есеп беру кездесуін өткізді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі