Ешкімнің алдынан ешкім шыққан жоқ

Ойлы…!
Ешкімнің алдынан ешкім шыққан жоқ
Біздің ауылда бір от басы болатын. Жастай жесір қалған әйел үш баласымен екі бөлмелі сылақ үйде тұрды. Ауыл адамдары оларға мұрын шүйіре қарап, шеттететін. Апай күлмейтін. Жүзінде жылт еткен жылулық жоқ еді… Кісікиіктеніп, қақшиіп жүретін де қоятын. Қазір ойласам тағдыры солай » Қатырып » тастаған екен ғой…
Үлкен ұлы мүгедек еді, әйтеуір ол да үнемі кіжінетін де жүретін. Кенже ұлы сотқарлау болды. Екі ұлдың ортасында Ұлжан атты қызы болды .Бет біткеннің сұлуы еді! Біздің көшенің ғана емес, тұтас ауылдың ең көрікті аруы сол болатын. Көздері күліп тұратын. Шашы беліне түсіп, үстіне түрлі көйлек тігіп, киіп алатын. Мейірімді, адалдықты, иба мен инабатты сол қыздан көргенмін, алғаш. Ешкімге ауыр сөз айтпайтын. Оны да жұрт » ой жындылардың арасынан шыққан жынды да…» деп қарады. Апама кеп сырын айтатын. Арасында қыстығып жылап алатын. Әлденелерге намыстанатын шығар, кім білсін?! Екеуміз көп сырласатынбыз. Ол кезде кім болатынымды өзім де білмейтін мен ол туралы кітап жазамын деуші едім. » Сен де, мен де байдың қызы емеспіз. Бірақ біз бәрінен озып кетеміз…» дейтінім есімде біз ол ауылдан көшіп кеттік. Ұлжандар қалды. Кейін сол қызды дүниеге бөккен оңбаған біреулер зорлықпен, жаны қалмаған біреуге қосты деп естідім…Сосын хабарсыз кеттік. Арадан он сегіз жыл өткенде мені тауып алды. Даусын тани салдым! Өз сүйгенін жолықтырып, қайта отбасын құрыпты. Қарасаң көзің тоймайтын екі ұлы шықты, алдымыздан. Жолдасы «Болашақпен » шетелде білім алып келген білімді азамат екен. Алматының ортасында жарқыраған үйі, кәсібі бар. Бүгін үйіне қонаққа шақырды. Мамам Ұлжанды бауырына басып жылап жатыр, жылап жатыр. Екеуі қосыла жылады…Естеріне көп нәрсе түсті, білем. Менің де көкірегіме өксік толды. Құрбым баяғыдай. Түк өзгермеген. Сол мейірімді, әдемі көздер. Тек сұлу жанары аздап мұң араласып кетіпті… Анасын екі бауырын емдетіп, ауылға шығарып сапты. Қайтарда мамам: «Алла ниетіңе, тап- таза көңіліңе берген ғой жаным! » деді, құшағына баса . Рас. Сол қыз менің көз алдымда кітаптардағы, кинолардағы бейкүнә, қорғансыз кейіпкерлер сияқты қылып қойған еді…
Адам да осынша өмірге құштар болады екен- ау?!… … …. Өмір қанша қинаса да, АЛЛАның берері таусылмасын! Ниетіміз түзу болсын! Ниетімізге қарай АЛЛА рахымын төге берсін!
Желіден алынды..