АЙТЫСКЕРЛЕР АРАСЫНДА КІШІ ФУТБОЛДАН ТУРНИР ӨТКІЗІЛДІ

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Халық жазушысы Шерхан Мұртазаның 90 жЖылдығы және «Aq jol» газетінің 100 жылдығына орай Халықаралық айтыс ақындары, жыршы-термешілер мен манасшылар арасындағы «Ақынға парыз көп ойлау, артық та емес доп ойнау» атты кіші футболдан турнир өткізілді. Турнир басталмастан бұрын, іс-шара әдеби-сазды кешпен бастау алып, айтыскер ақындар мен жыршы-манасшылардың арнаулары тыңдалады.
Жарысқа Қырғызстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Маңғыстау, Қызылорда, Жамбыл облыстарынан командалар қатысты.
Ақындар арасындағы әріптестік, достық байланысты арттыру, айтыс ақындарын, жыршы-термешілер мен манасшыларды спортпен жүйелі түрде шұғылдануға жұмылдыру мақсатында өткен турнирді облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбай құттықтау сөзімен ашып берді.
— Қазақ – қырғыз ертеден-ақ, ғасырлар белесінде тағдыр талайын қатар көрген халық. Бүінгі ауқымды шара екі елдің арасындағы достықты тағы да нығайта түскендей. Баршаңызға сәттілік тілеймін! Екі елдің арасындағы ұлы достық жасай берсін!, — деді Ерлан Нұрманұлы өз сөзінде.
Турнир нәтижесіне сәйкес, бірінші орынды маңғыстаулық «Жыр жебе» командасы иеленсе, екінші орынды жамбылдық «Руханият» құрама командасы еншіледі. Ал үштікті қызылордалық «Ақмешіт» командасы түйіндеді

Жамбыл Облысы Мәдениет Басқармасы