Пилоттық жоба Жуалы ауданында қарқынында
Жамбыл облысында бастау алған аталған пилоттық жоба – мемлекеттік деңгейде қолдау тапқаны белгілі. Бұл жоба ауылдағы әлеуметтің әл-ауқатын жақсартуға бағытталған.
Осыдан екі жыл бұрын өңірді өркендетудің тиімді тетіктері қарастырылып, баянды бастама қолға алынған болатын.
Жаңа жобаның басты шарты – қолдау білдіре отырып, жеке қосалқы шаруашылықтарды тиімді табыс көзіне айналдыру, дамыту болып отыр.
Сол арқылы ауыл шаруашылығы өнімін еселеп көтеру, қайта өңдеуді дамыту, импортты алмастыру, азық-түлік бағасын төмендету, жұмыссыздықпен тиімді күресу, әлеуметтік көмекке жүгінушілердің санын азайту, жалпы ауылдың әл-ауқатын көтеруге жол ашылмақ
Жуалылықтар да осы пилоттық жобаның пайдасы көріп, бүгінде өз жемісін беруде.
Атап айтар болсақ, 2021 жылы қосымша Ақсай ауылдық округіне қайтарылған қаражат есебінен қаржы бөлініп, 84 азамат жобаларға қатысуда. Қаржысы 535,660 млн. тг.
1.Мал шаруашылығын дамыту бойынша саны 77азамат, құны 387,660 млт тң, алынған мал басы 1254.Оның ішінде МІҚ сүт бағыты 371 бас, МІҚ ет бағыты -36 бас, МҮМ -597 бас және жылқы 250 бас.
2.Кооперативке қажетті техникалар бойынша барлығы 21 дана техникалар, құны 148,0 млн тң. Оның ішінде 3 дана трактор, ауыл шаруашылығы тіркемелері 18 дана.
3. Жеке кәсібін ашу бойынша 6 жоба: Техникалық қызмет көрсету орталығы -1. Бал арасын дамыту – 3, кілем тоқұ цехы- 1, сүт өндеу цехы -1, жалпы құны 70,0 млн теңге
Мемлекеттік қолдаулар. 2021 жылы Егін шаруашылығы тыңайтқыш бойынша – 148,3 млн.тг, мал шаруашылығы бойынша – 759,1 млн.тг. инвест субсидия — 54,4 млн.тг қаржы игерілді. Барлығы 961,8 млн теңге. (2021 жылы – 806,7 млн. теңге).
Көркем Асқар