Жалған қоңырау өміріңізге қауіп төндіруі мүмкін

Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің Күштер мен құрылымдарды жедел басқару орталығының «101» және «112» телефондары тәулік бойы жұмыс істейді. Күн сайын осы нөмірлер бойынша кәсіби диспетчерлер қабылдайтын түрлі сипаттағы қоңыраулар түседі. КҚЖБО-ға көмек туралы барлық өтініштер, өрттер мен ТЖ туралы хабарламалар келіп түседі.

☎️ Осылайша, ағымдағы жылдың 6 айында Өрт сөндіру қызметінің КҚЖБО диспетчерлері «112» және «101» желілері бойынша жалпы 255 335 саны қоңырау қабылдады, оның ішінде «101» желісі бойынша 26 290 қонырау, «112» желісі бойынша 229 045 қонырау қабылданды. «112» нөміріне келіп түскен бейінді емес бағыттағы (ақпараттық-анықтамалық сипаттағы, балалардың тентектігі және т.б.) қоңыраулар саны 128877-ге жетті.

‼️‼️ Сондықтан, Жамбыл облысының құтқарушылары облыс тұрғындары мен қонақтарын «112» немесе «101» шақыру нөмірін термес бұрын ойлануды сұрайды, өйткені бұл уақытта шұғыл көмекке мұқтаж адамдарға телефон желісі қажет болуы мүмкін.

⛔️ Айта кету керек, ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің бабына сәйкес арнайы қызметтерді көрінеу жалған шақырғаны үшін әкімшілік айыппұл салынады. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарын, полицияны, жедел медициналық көмекті, авариялық қызметтерді көрінеу жалған шақыру жеке тұлғаларға айыппұл салуға әкеп соғады.