СЕССИЯ
Бүгін жетінші шақырылған аудандық мәслихаттың кезекті отызыншы сессиясы өтті.
Сессия отырысында алдымен аудан әкімі Баубеков Жорабек Нұрмергенұлы 2022 жылдың алғашқы жартыжылдығында аудан көлемінде атқарылған жұмыстар жайында баяндама жасады.
Аудан әкімі өз баяндамасында ауданымыздың даму көрсеткіштері барлық салаларда оң нәтижені қалыптастырып отырғанын жеткізді.
Одан кейін, аудандық мәслихаттың депутаттары Нұрлан Сейсенбаев пен Назерке Айдарбек жарыссөзге шығып, аудан әкімінің алғашқы жарты жылда атқарған жұмыстарына оң бағасын берді. Сонымен қатар, депутаттардың тұрғындармен кездесулерінде көтерілген мәселелерді ортаға салды.
Жорабек Нұрмергенұлы депутаттардың сауалдарына жауап беріп, дәл осылай қоғамдық бақылау жүргізумен азаматтардың мәселелері шешілетінін атап өтті.
МЕРКІ АУДАНЫ