ТҰРАҚТЫЛЫҚ — ДАМУЫМЫЗДЫҢ КЕПІЛІ
Аудан әкімі аппаратының басшысы С.Селеубаевтың төрағалығымен бүгін Жамбыл ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссия мен жұмысшы тобының кезекті отырысы өтті.
Комиссия отырысының күн тәртібінде екі мәселе қаралды.
1. Деструктивті діни ағымын жақтаушыларды анықтау механизмін іске асыру туралы;
2. Жамбыл ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссия мен жұмысшы тобының құрамына өзгерістер енгізу туралы.
Күн тәртібіне сәйкес аудан әкімінің бас инспекторы, аудандық терроризмге қарсы комиссия хатшысы Ошақбай Қуат Қанатұлының баяндамасы тыңдалып, аудан әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссия аппаратының жұмысшы топ мүшелері мен мекеме басшыларына тапсырмалар берілді.
Жамбыл ауданы