АЛҒАШҚЫ ЖАРТЫЖЫЛДЫҚТЫҢ ЖҰМЫСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Бүгін аудандық мәслихаттың кезекті отыз екінші сессиясына қатыстым. Сессияның күн тәртібіне сәйкес үстіміздегі жылдың алғашқы жартыжылдығында ауданымыздағы түрлі салаларда атқарылған жұмыстар туралы баяндадым.

Оның ішінде агроөнеркәсіпті дамыту, қаржы-салық саясаты, тұрғын үй мен жайылым жайы, индустрияландыру, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы мен өзге де салалардағы жүйелі жұмыстарға жеке-жеке тоқталып, аталған жұмыстарды одан әрі ілгерілету де ұдайы назарда болатынын жеткіздім.

Жиын соңында бірқатар мәслихат депутаттары төрт түліктің қауіпсіздігі мен жайылымға, жол мен құрылысқа қатысты күрмеуі қиын бірнеше мәселені назарға ұсынып, оның оңды шешілуіне бірлесе атсалысуымыз қажеттігін жеткізді. Сәтін салса, көтерілген түйткілдер алдағы уақытта рет-ретімен шешімін табатын болады.

Сәкен Арубаев, Шу ауданының әкімі