37 КООПЕРАТИВКЕ 607,7 МЛН.ТЕҢГЕ СУБСИДИЯ ТӨЛЕНДІ

Аймақта етті тереңдете өңдейтін жылдық қуаттылығы 35,9 мың тоннаны құрайтын 43 кәсіпорын жұмыс істесе, жылдық қуаттылығы 79,5 мың тоннаны құрайтын 24 сүт өңдеуші кәсіпорындар жұмыс істейді.
Ағымдағы жылдың 6 айында облыста өндірілген 59,6 мың тонна еттің бүгінгі күні 7,7 мың тоннасы қайта өңделіп, кәсіпорындардың жүктелімі 22,0% құрады және 3,5 мың тонна шұжық өндірілді. Сол сияқты 159,1 мың тонна сүттің 21,7 мың тоннасы қайта өңделіп кәсіпорындардың жүктелімі 57% құраса, жалпы 554 тонна сары май, 321 тонна құрғақ сүт, 1214 тонна қатты ірімшік және 1442 тонна өзге де сүт өнімдері өндірілді.
Айта кету керек облыстағы сүт өңдеуші кәсіпорындар сүтті ауыл шаруашылығы кооперативтерінен сатып алады. Ал, сүт өткізген коопреативтерге мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі. Мәселен, жыл басынан бері 37 ауыл шаруашылығы кооперативтеріне өткізген 30,3 мың тонна сүт өнімі үшін 607,7 млн.теңге субсидия төленді.

Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы