42,7 МЫҢ ТОННА ПИЯЗ ЖИНАЛДЫ

Жамбыл облысында еліміздегі пияздың 75 пайызы өсіріледі десек, биылғы жылы 25,0 мың гектарға пияз дақылы отырғызылды. Оның ішінде Шу ауданында – 13,3 мың гектарға, Жамбылда — 5,5 мың гектарға, Қордайда — 3,7 мың гектар және Байзақта – 1,9 мың гектарға егілген.
Бүгінгі күні пияз дақылының 1,6 мың гектары жиналды. Одан 42 769 тонна өнім алынса, әр гектардан түскен орташа өнім 258,6 ц/га құрауда.
Айта кету керек, аймақта егілетін пияз дақылының 17 мың гектарына су үнемдеу технологиялары қолданылады.

Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы