САРЫСУЛЫҚ ӨНЕРПАЗДАР ТАРАЗДЫҚТАРҒА ТАМАША КӨҢІЛ-КҮЙ СЫЙЛАДЫ
Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешенінде сарысулық өнерпаздардың «Әуенді Тараз кештері!» атты концерті өтті.
Ашық аспан астында өңір тұрғындары мен қонақтарының бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында ұйымдастырылған шараның шымылдығын «Айжан қыз» халықтық атағы бар би ұжымының «Қазақ» биімен ашылды.
Концерттік бағдарлама ары қарай «Қазақстаным», «Илигай», «Жаса, қазағым», «Аман ба?», «Түрлі арман», «Замандас», «Молдабай» және т.б. шығармаларға ұласты. Сондай-ақ, «Сен қорқақсың», «Махаббаттан қашпа», «Ұнатамын», «Сен мықтысың», «Әппағыс» т.б. бірқатар заманауи әндер шырқалып, «Айжан қыз» халықтық би ансамблінің «Хорезм» биі сахналанды.
Айта кетейік, іс-шара ағымдағы жылдың 26 тамызына дейін аудан өнерпаздарының қатысуымен әр аптаның жұма күндері «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешенінде өтеді.
#жамбыл_мәдениет_ақпарат