КҮНІҢДІ ПЕНДЕГЕ ҚАРАТПАСЫН

Сүлеймен патша құмырсқа өмірінен көп ғибрат алған. Тағы бірде:
— Ей құмырсқа жылдық қорегің қанша? — деп сұрайды, құмырсқа:
-Бір бидайдың дəніндей -дейді, Сүлеймен құмырсқаны сынамақ ниетпен, бір шиша ыдысқа құмырсқаны бір дəнмен қоса салып, бір жылдан соң тексерсе, дəннің жартысын-ақ жепті, Сүлеймен: -Неге жылдық мөлшеріңде ас жемей, жартысын ғана қанағат еттің?- десе, Құмырсқа:- Бұрын несібем бір Алладан деп, алаңсыз ішіп жесем, күнім пендеге қарағаннан соң, ертеңгі күнге сенімім жоқ болғандықтан, сақтық еттім- деген екен.
Баршамыздың ырзық несібемізді ойлап қойған, Бір Аллаға сансыз мадақ болсын