ЖАС ОРТАСЫНАН АУҒАНДА .…….
1. Ешкімнің құлақ етін жеме. Сенікі дұрыс екеніне сенімді болсаң да қажеті жоқ. Есіңде болсын, жас кезіңізде өзің де көп сөйлегенді ұнатпайтынсың!
2. Саған өтінбейінше әлдебіреуге көмектесемін деп тырыспа. Күш-қуатың бұрыңғыдай емес. Алдымен өз мүмкіндігіңе қара.
Жақындарыңды да дүниенің барлық қиындықтарынан құтқаруға тырыспа. Сен істейтініңді істедің. Енді оларды тек жақсы көр.
3. Шағымданба. Кіреберістің алдында отыратын өсек қуып, өкпе-ренішіңді өзгеге айтып қана отыратын кемпір болып қалма.
4. «Сенің жасыңда мен…», «Мен ең жақсы өмірімді саған арнадым …..», «Мен жақсы білемін, өйткені мен сенен үлкенмін…» деп балаларыңа айтпа. Әркім әртүрлі. Сенің балаларың да олардан еш айырмашылығы жоқ.
5. Саяхатта-қыдыр. Бұрын болып көрмеген немесе барғың келген жерлерге бар. Жас кезіңізде үлгермеген тілектеріңді орында.
6. Өзіңе жарасымды киімді таңда. Талғампаздық қымбат болмауы керек. Тіпті күнделікті киімдерің де сәнді көрінуі мүмкін.
7. Жұбайың әжімді, әлсіз, кәрі болса да жақсы көр және оған қамқорлық жаса. Жұбайың өзің сияқты жас, жігерлі және сергек болғанын ұмытпа.
Ол сенің жас, сымбатты және әдемі болғаныңды еске алатын санаулы адамдардың бірі. Оған сен ең қажет адам болуың мүмкін.
8. Ешбір жағдайда уақыттың артынан қума. Жай ғана өмір сүріп, өзіңе ұнайтын нәрсені жаса.
9. Өзіңді ешнәрсеге кінәлама. Өзіңнің және балаларың өмірі қандай болса да, сен қолыңнан келгеннің бәрін жасадың.
10. Қандай жағдайда да өз беделіңді түсірме. Жас ұлғайған сайын ақыл-ойың да арта түсуі керек. Өз абырой-беделіңді өзіңе бағалы қалпында қалдыр.
11. Егер осы жасқа дейін жасап жер басып жүрген болсаң, сен біреуге қажет адамсың.
12. Қартаюды өмірдің соңы деп қарауға болмайды. Өмірдің жаңа белесі басталып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашылды деп қара.
Амантай Тойшыбайұлы.