ДІНИ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Өткен жұмада аудандық кітапхананың коворкинг орталығында Жамбыл облысы әкімдігінің Дін істері басқармасының ұйытқы болуымен фокус-топ әдісі арқылы іс-шара ұйымдастырылды.
Шараға аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің дін мәселелеріне жауапты мамандары, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қызметкерлері, сондай-ақ аудандық білім бөлімінің, аудандық орталық мешіттің және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Аудандағы дін саласындағы мәселелерді зерделеу және жергілікті жауапты құрылымдарға діни ахуалды талдау жұмыстары бойынша әдістемелік көмек көрсету мақсатында өткен жиында дін саласындағы өзекті тақырыптар кеңінен талқыланып, үстел басына жиналғандар өз ой-пікірлері мен ұсыныстарын білдірді. Шара барысында аталған ұсыныстар алдағы жоспарлы жұмыстарда қолданылатын болады.
Айта кетейік, дәл осындай сарапшылық фокус-топтар шілде айының 25-31 аралығында облыс орталығы мен Байзақ, Талас, Т.Рысқұлов аудандарында да ұйымдастырылды.

Қордай ауданының әкімдігі