ЖАҚСЫЛЫҚ

Бір жас Бала мектебін «»Алтын белгіге» аяқтап, Алматыға оқуға барады. Студент атанады.
Жұмыссыз әке-шешеме салмақ салмайыншы деген оймен демалыс күндері базарға жұмысқа шығып, ұсақ-түйек сатады, кейде арба да сүйрейді.
Мардымсыз табысы не оқуға, не тамақ пен киімге жетпейтін еді. Ашыққан күндері де аз емес еді.
Амалы таусылған соң көше кезіп, бір үзім нан сұраған күндері болған екен…
…Бірде әбден ашығып, бір үйдің есігін қақса, әр жағынан жас Келіншек ашады.
Бала «Шөлдедім» деген сөзге әзер халі жетіп, сусын сұрайды.
Келіншек ішке еніп бір кесе жылы Сүт пен екі түйір Нан әкеліп береді.
Мейірімі қанған бала рахат сезіммен: «Жақсылығыңыздың өтеуі болсын, үйіңізде не жұмыс бар, тындырып берейін»- дейді.
Әйел: «Қажет емес, Алла жақсылықтың қайтарымын өзі берер, жолыңнан қалма,» — деп шығарып салады…
…Бала оқуын бітіріп, дәрігер атанады. Үйленеді. Науқастарды қабылдай бастайды.
Бірде Оның алдына жүруге қабілеті жоқ, екі аяғы сал болған бейтаныс науқас келеді. Әйелдің келбеті аурудан шаршаған, солғын тартқан, жүдеп-жадаған. Әйелдің үмітсіз көзіне назары бірден түскен дәрігер мән-жайды сұрайды.
Сөйтсе, баяғы бір кесе жылы Сүт пен екі тілім Нан берген әйел екен.
Әйел бұдан бейхабар еді…
Дәрігер бәрін біліп палатадан шығып, » Енді мен қалай көмектесем?» — деп қатты ойланады.
Мазалаған оймен жүріп, өте қымбат дәрілерді бағасына қарамай шетелден өз ақшасына алдырып, емдеуге кіріседі.
Күндер өте науқас оңалып, беті бері қарай бастайды.
Ай өтеді. Үйге қайтар сәт келеді. Әйелдің жұбайы мен бала-шағасы қуанып, дәрігерге бәйек болады.
Бірақ әйелдің бойында бір қорқыныш бар еді. Өйткені, Әйел өзіне жасалған ем-домның өте қымбат екенін сезетін…
Бәрін бақылап жүрген Дәрігер өзінің қызметтік бөлмесінде отырып жастық шағын, аш құрсақ жүрген күндерін, әйелдің берген жылы Сүт пен Нанын еске алып, ем-шара құжатының астына бір ауыз сөз жазып, Әйелге береді.
Аурудан зәрәзәп болған әйел діріл қаққан қолымен ұсынған құжатты соңына дейін оқып, бұлт арасынан шыққан күндей жарқырап сала береді.
«Ақша жүзді бейтаныс жан, Сіз еміңіздің ақысын бір кесе Сүтпен, бір үзім Нанмен баяғыда өтегенсіз,» — деген дәрігердің жазуын оқыған әйелдің көзінен парлаған ыстық жас көпке дейін тоқтамаған екен…
Жақсылық жасау — Парыз.
Қайтарымы Алладан.
Аман болайықшы !