50 көпқабатты үй жөнделді

ТАРАЗ ҚАЛАСЫ

Биыл қалада «Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 50 көпқабатты тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Қазіргі таңда 32 үйде жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 10 тамызға дейін тағы 18 үйдің жөндеу жұмыстары басталмақ. Сондай-ақ 6 тұрғын үйге жергілікті бюджет есебінен жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Тұрғындардың тұрмыс жағдайын ескере отырып, бағдарлама операторы «Тұрғын үй жөндеу Тараз» ЖШС тарапынан тұрғын үй қорын жаңғырту жұмыстарының төлемақысын келісімшарт бойынша 15 жылдық мерзімге дейін белгілеу тетігі қарастырылған.

Жүрсінгүл ЖАҚЫП, Ақ жол газеті