Аппараттық кеңесте түйткілді мәселелер талқыланды
Аудан әкімі Марат Сұлтанғалиевтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңестің күн тәртібінде ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіші бойынша 7 айдың нәтижесі, Тоғызкент, Жайылма ауылдық округтерінде түйінді нысаналы индикаторлардың орындалуы, міндеттелген жобалардың іске асырылуы, медициналық сақтандыру мәселелері, аудандағы фитосанитарлық ахуал және кезекті жүргізілетін жұмыстар бойынша баяндамалар тыңдалды.
Мәселен, 2022 жылдың 7 айлық қорытындысы бойынша өнеркәсіп өнімдері 36 млрд. 890 млн. теңгеге өндірілсе, ауыл шаруашылығы өнімі 5 млрд. 860 млн. теңгеге жеткен.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар 13 млрд. 600 млн. теңгені, құрылыс жұмыстарының көлемі 3 млрд. 651 млн. теңгені құрап отыр.
⚕️ Медициналық сақтандыру мәселелесіне келсек, ауданда халықты тіркеу жүйесінде (РПН) 39 158 адам тіркелсе, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырылған халық саны 33 832 (86,6%).
Қазіргі таңда, әр аймақтық дәрігерлеріне сақтандырылмаған аудан тұрғындарының тізімдері беріліп жұмыс жасалуда. Аталған іс-шараның орындалуы бойынша мониторинг жүргізіліп, аудан әкімдігіне тұрақты мәлімет ұсынылып отыр.
☘️ Өсімдіктерді қорғау саласы бойынша «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» Сарысу аудандық филиал мамандарының анықтау-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде аса қауіпті зиянды шегірткелерге қарсы күрес бойынша химиялық өңдеу 6800 гектар жерге жүргізілген, оның ішінде 800 гектар — аса қауіпті итальян прусына, 6000 гектар — азиат шегірткесіне.
Одан бөлек өсімдіктер карантині саласы бойынша карантинге жатқызылған өнімді ҚР тыс жерлерге әкетуге фитосанитарлық сертификат беру және тасымалдауға карантиндік сертификат тапсыру бойынша мемлекеттік қызмет түрлері көрсетіледі.
Аудан әкімі мен Жайылма ауылдық округі әкімі арасында бекітілген түйінді нысаналы индикаторлардың ІІ тоқсан қорытындысының орындалуы бойынша «БЖК 2025 бағдарламасы шеңберінде қаржылық қолдау шаралары бойынша несиелік субсидия (6%) бөлінген.
«Жұмыспен қамту жол картасы» жобасы аясында облыстық қаржылай қолдау қоры арқылы «Сағадат»,«Толқын» шаруа қожалықтары тиімді несиеге қол жеткізді.
Ауылдық округте жыл басында шағын несие бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, 2 азамат шағын несиеге қол жеткізген.
⚠️Жиын барысында Марат Қырғызәліұлы жауапты мамандардың баяндамаларын тыңдап, салаға байланысты сұрақтар қойып, жүйелі жұмыстар жүргізуге тапсырма берді.
Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі