Майқұдықта ұзақ өмір сүру орталығының филиалы ашылды
Қарағандыда Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының филиалы жұмыс істей бастады. Әлихан Бөкейхан ауданындағы қарттары Жаңа Майқұдықтың мәдениет үйінде күтеді.
Аға буын үшін қызығушылық үйірмелері ашық. Уақыт өте келе заңгер мен психологтың тегін қызметтері қолжетімді болады.
Қазірдің өзінде қазақ және ағылшын тілдерін оқытатын тіл секциялары жұмыс істейді. Гимнастика залы, шахмат пен дойбы ойнауға арналған бөлмелер, ән мен хор үйірмесі бар.
– Біз енді ғана ашылдық, қазірдің өзінде 50 адам жазылды, – дейді белсенді ұзақ өмір сүру орталығы директорының м.а. Берік Есенов. – Халықпен белсенді жұмыс істейміз, үйірмелер мен секциялар туралы айтамыз. Міндетті түрде қызметтер тізімін кеңейтетін боламыз. Бізге күніне 50–100 адам келгенін қалаймыз.
Сондай-ақ, Пришахтинскіде және Сұрыптауда филиалдар ашу жоспарда бар.
Жаңа орталықтың мекен-жайы: Магнитогорская көшесі, 19.
Байланыс телефондары: (8-7212) 78-08-50, 78-07-33.
Толығырақ Instagram парақшасында: @cad_krg_2022.
Жомарт Шаймұрат