ҚАНАТБЕК МӘДІБЕК ҚҰРЫЛЫСШЫЛАРДЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ
Тамыз айының 2-ші жексенбісі құрыш қолды құрылысшылардың төл мерекесі ретінде аталып өтуде. Бұл мереке ең алғаш 1956 жылдан бастап тойланған. Сол уақыттан бері жарты ғасырдан астам уақыт өткеніне қарамастан құрылысшыларды осынау төл мерекелерімен құттықтап, оларға сый-сияпат көрсету дәстүрі әлі де жалғасуда.
Қазіргі күні аудан аумағы уақыт санап көркейіп, абаттанып келеді. Жаңадан нысандар салынып, жол жөндеу жұмыстары кеңінен жүргізілуде.
Атаулы кәсіби мерекеге орай, аудан әкімі Қанатбек Қайшыбекұлы, аудандық мәслихаттың хатшысы Қадірбек Садубаев жемісті еңбек еткен Алтынхан Райымбеков, Оразалы Ауелжуманов, Балтабай Қарабаллаев, Саят Әбдіров және Алтай Тағашбаевты құрмет грамотасымен марапаттады.
Талас аудан әкімдігі