Халықтың талап-тілегі ескерусіз қалмайды
Мәселелер заң аясында шешімін табатын болады
⚜️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында ауыл тұрғындарымен кездесулер өз жалғасын табуда.
⚜️Бүгін ауданға қарасты Бауыржан Момышұлы ауылы және Шақпақ ауылдық округтерінде болып, ондағы ауылдардың жағдайымен жіті таныстым.
Алдымен Бауыржан Момышұлы ауылындағы Б.Момышұлы, С.Бейбарыс көшелерінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің ауласын абаттандыру жұмыстарын аралап көріп, аудандағы «АҚМОЛ-2025» ЖШС сүт өңдеу цехының жұмыс барысымен қанықтым.
⚜️Нысандардың жұмысын көрген соң, ауыл тұрғындарымен кездестім. Ондағы әлеуметтік мәселелермен қанығып, оның шешілу жолдарын ауыл тұрғындарымен бірге сараладық.
⚜️Әрі қарай Шақпақ ауылдық округіне қарасты Т.Дүйсебайұлы, Ынтымақ ауылдарындағы білім беру ошақтарының және денсаулық сақтау ұйымдарының жай-күйін бағамдап, ауылдық клуб, кітапхана, балабақшаның және «Хадиша апа» сүт өңдеу цехының жұмысымен таныстым. Ауыл тұрғындарымен кездестім.
♦️Әрине, тұрғындар тарапынан көтерілген әрбір мәселе, оның ішінде жол, ауызсу, жайылым жер, көше жарығы сияқты мәселелер аудан басшысы ретінде әрдайым менің назарымда. Ал, бұл проблемалы мәселелер жоспарлы түрде және заң аясында шешімін табатын болады.
Жуалы ауданының әкімі Жалғас Мұртаза Әлижанұлы