Азаматтар мен кәсіпкерлердің соттағы жеңісі ұлғайып келеді
2021 жылғы 1 шілдеден бастап биылғы 1 шілдеге дейін Жамбыл облысының соттарына 1033 әкімшілік талап арыз түсті. Соттарға түсетін істердің негізгі санаттары: жер даулары — 268 (26%); сот орындаушыларының әрекеттеріне шағымдар — 249 (24%); мемлекеттік сатып алу саласындағы даулар — 97 (9%); салық даулары — 59 (6%); тұрғын үй даулары — 59 (5%); мемлекеттік қызмет саласындағы даулар — 47 (5%).
Бұл деректерді ӨКҚ баспасөз алаңында Жамбыл облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрлыбаева Динара келтірді. Ол соңғы айларда талап-арыздардың қанағаттандырылуы 66,9%-ға дейін өскенін атап өтті. Мәселен, мәні бойынша қаралған 136 әкімшілік істің 91-і талапкерлердің пайдасына, 45-і (33,1%) әкімшілік органның пайдасына шешілді.
❗️ «Бұрын азаматтар өте сирек жеңетін жер даулары, денсаулық сақтау саласындағы даулар сияқты категориялар бойынша, талаптардың қанағаттануы едәуір өсті. Жер даулары бойынша талап арыздардың 76%-ы, денсаулық сақтау саласындағы даулар бойынша 83%-ы қанағаттандырылды. Әкімшілік әділет- мемлекеттік органдармен және лауазымды тұлғалармен дауда азаматтар мен кәсіпкерлердің құқықтарын нақты қорғайды. Егер бұрын мемлекеттік органмен дауда азаматтар істің бар-жоғы 15%-ында жеңіп алса, бүгінде бұл жағдай азаматтар мен бизнес жағына қарай өзгере бастады», — деді Динара Ничайқызы.
©️©️©️
✅ Ол сот өзіне жүктелген міндеттерге байланысты азамат пен билік құрылымдары арасындағы дауларды бейбіт жолмен шешуге жәрдемдесетінін мәлімдеді. Әкімшілік сот ісін жүргізуде татуласу барлық жағдайларда мүмкін емес, өйткені әкімшілік орган тек заңмен берілген өкілеттіктер аясында әрекет ете алады. Татуласу әкімшілік органның қалауы болған кезде, яғни өз өкілеттіктері шегінде мүмкін болатын шешімдердің бірін қабылдаған кезде мүмкін болады.
#ӨКҚ