ЕУРОПА ЧЕМПИОНЫ

Бүгін 2022 жылдың 10-14 тамыз аралығында Сербия мемлекетінің, Врбас қаласында бокстан кадеттер арасында халықаралық турнирде топ жарып, алтыннан алқа тағынған Мадияр батырымыз елге оралды. Өз чемпионын Шу жастары зор ықыласпен қарсы алды. Сондай-ақ Шу ауданының әкімі Сәкен Қаланұлы қабылдап, Мадиярды жеңісімен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

Айта кететін жайт, жалпы чемпиондық атаққа 18 мемлекеттің жасөспірім былғары қолғап шеберлері таласқан додада Шу ауданы, Төле би ауылының тұрғыны, Бексұлтанов Мадияр Ердосұлы 80 келі салмақта өнер көрсеткен.

Шу ауданы