ТАЛАСТА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

Аудан басшысы Қанатбек Мәдібек Тамды ауылдық округіндегі Қойгелді орта мектебінің құрылыс барысымен танысты.

Жалпы, мектептің күрделі жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 110 млн. теңге қаражат қарастырылған. Құрылысқа жауапты «Бриллинт Сапа» ЖШС-і алғашқы кезекте ғимараттың шатырын жауып, одан соң жылу құбырларын жаңартпақ.


Қанатбек Қайшыбекұлы серіктестік өкілдеріне жөндеу жұмыстарын сапалы әрі мерзімінде аяқтауды тапсырды.

Талас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі