АШЫҚ АСПАН АСТЫНДАҒЫ АҚМОЛА «СУПЕРМАРКЕТІ»

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдық ұлық мерекесіне орайластырылып өткізіліп жатқан «Қуатты өңір-қуатты Қазақстан» акциясы аясындағы облыстардың Астанадағы күндері қыркүйектен бері Елордалықтар үшін дәстүрлі жәрмеңкеге айналып кетті. Сол «дәстүрлі жәрмеңкелердің» сірге жиярын қазанның 29-30 күндері аралығында Ақмола облысы дүркіретіп тұрып өткізіп қайтқан еді. «Хан шатыр» СОО маңындағы алаңға орнаған «ашық аспан астындағы супермаркетке» келушілердің қарасы әдеттегіден мол болды. Соңғы жәрмеңке болғандықтан өздеріне қажетті азық-түліктерін қамдап алғысы келген тұрғындар сенбілік демалысты да кейінге қалдыра тұрған секілді. Бас қаланы азық-түлікпен қамтамасыз ету жағында көрнекі орында тұрған аграрлы аймақ, өздерінің шынында «қуатты өңір» екендіктерін дәлелдеуге тырысқан сыңайлы.

img_9488

Тоғанағы мол, топаны қалың керуеннің түсел түскен жеріне аппаратымызды арқалап бізде келдік. Жұртпен бірге тамашалай жүріп байқағанымыздай, жәрмеңке алаңынан тыс жерлерде де сауданың көрігі қызып жатыр екен. Жүк көліктерінің жанына барып кезекке тұрып май, сүт өнімдерін алып жатқан адамдарды көріп «пышақ үстінен бөліп әкету» дейтін тіркес есімізге оралды. Қолымыздағы баспасөз парағындағы жәрмеңкенің күн тәртібіне сай ендігі кезекте облыс әкімшілігінен келген жауапты адамдардың журналистермен кездесуі де көп күттірмей басталып кетті. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Мұрат Балпан мырза бүгінгі жәрмеңкенің жәй-жапсарына тоқтала келіп санды мәліметтерін де тізбектей берді. «Осы жәрмеңкеге облыстың 19 ауданынан ауылшаруашылығы тауарларын өндірушілердің өкілдері өз өнімдерін алып келіп отыр. Тарқатып айтар болсақ, бүгінгі жәрмеңкеде 70-ке тарта өнім түрі саудаға салынып жатыр. 600 тоннадан астам ет және шұжық өнімі, 46 тонна сүт өнімі, 200 тоннадан астам көкөніс, 20 тоннадай балық, 200 тонна картоп, 45 мың литр өсімдік майы қатарлы өнімдер бар. 2000 тоннаның айналысында болатын осы азық-түліктердің жалпы құны 784 миллион теңгені құрайды. Қазір сатылымдағы өнімдердің барлығының бағалары Астананың күнделікті бағасынан әлде қайда арзан түсіп тұр. Барлығы да өзіміздің шаруалардың өндірген сапалы азық-түліктері болып есептеледі»,- дедеі Мұрат Балпан мырза.

 Осы әңгімеміз аяқталып көп өтпей жәрмеңке алаңына облыс басшысы Сергей Кулагин бастаған басшылар img_9535да бой көрсетті. Өзін қоршаған журналистер алдында Кулагин мырза ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылып отырған бұл шараға Ақмоланың өз әлеуетін көрсетуге келгенін мақтанышпен айтып берді. «Осы 25 жылдың ішінде облыстың жалпы өнімі 11 есеге ұлғайды, бұнымен қоса тау-кен өндірісі жағында да біздің облысымыз жақсы нәтижелерге жетіп отыр. Ауыл шаруашылығы саласындағы мықтылардың қатарына енетін Ақмола, биыл астықтан мол өнім алып жатырмыз. Ал бұл өнімдеріміздің қомақты бөлігі шетелдерге экспортталатындығын да айта кеткен жөн»,-деді Сергей Кулагин. Осы жәрмеңке аясында әкім мырзаның азузынан шыққан тағы бір санды мәліметтерге сенсек- ширек ғасыр ішініде облыстың өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі 10 миллион теңгеден 335,4 милллиярд теңгеге жетіпті. Елорда төңірегінде азық-түлік белдеуін қалыптастыру кезеңінде инвестиция көлемі 84 миллиярд теңге болатын 104 жоба іске асырылған екен. Жалпы астық өндірісі саласы да соңғы 15 жылдың көлемінде төрт еселеніпті. Кулагин мырзаның айтқандары облыстың жетістіктерінің жалпы тұжырымы секілді еді. Бастысы дамушылықтар болып жатқандығы. Ал жұрт назарындағы Ақмоланың алар орны мен бағындырар белестері, қазіргі кезеңдегі түйткілдері туралы сәл кейінге қалдыра тұрып, назарларыңызды жәрмеңке алаңына бұра отырғанды жөн санадық.

Тігулі шатырлардың қай-қайсысының алдында жұрт қаптап жүр. Қазіргі адамдардың талғамы да бұрынғыдан бөлек. Ең әуелі бағасы, сосын сапасы дегендер тұтынушылардың ұстанымына айналып кеткен. «Қораға img_9521келген бөз арзан» деп нарқы мен парқына бас қатырмай қол салатын алармандар тек ертегілерден ғана болса керек. Шатырларды жағалап келе жатып, арбаға салған мол етті итеріп келе жатқан жігітпен аздап әңгімелесудің орайы келе қалды. Жанаш Тілеуқанұлы Астананың іргесіндегі ауылдардың бірінен келіпті. Енді ғана қырқынан шығып жатқан сәбиінің қуанышына орай туыс-туғандарына арнап дастархан жазғалы жүргенін де жасырған жоқ. «Ертең жақын-жұрағаттардың басын қосып, үлкендердің батасын алайыншы деген едім. Бір жілік етсіз қонақ аттандырып көрмеген қазақпыз ғой. Соған әдейілеп осында келіп тұрмын. Қаладағы ет сататын орындар мен көтерме бағада беретіндердің барлығының бағаларын жатқа білем. Осы жәрмеңкенің бағасы да етінің сапасы да ұнады.»

Бағалары тиімді болды ғой сонда?

-«Иә, біздегі еттің көп саудаланатын жері «Әлем», «Шапағат» секілді сауда орындары ғой. Қазір ол жерлерден сиыр еті көтерме бағаның өзінде 1200-1300 теңгеден сатылады. Ал мұнда келісін 1000 теңгеден алдым. Еттен басқада біраз азық-түліктерді осы жерден алып жатырмын. Барлығының бағалары айналадағы дүкендерден арзанға түсті.»

-«Өзіңіз қандай кәсіппен шұғылданасыз?»

-«Шағын жүк көлігім бар, жұрттың заттарын тасымалдаймын. Қаланың барлық сауда орындарын аралап жүру кәсібім десем боады. Сондықтан күнделікті тұтыну бұйымдарының қай жерде арзан, қай жерде қымбат екендігі маған жаттанды болып кеткен. Бұндай жәрмеңкелер жыл сайын болып тұрса да биылғы жылы барлық облыстар заттарын көп әкеліп жатыр. Енді мына Ақмола дегеніміз іргеде тұрған жер ғой. Байқасам барлық облыстардан осы «көршіміздің» жәрмеңкесі көлемді көрініп тұр»,- деп сыдыртып тұр Жанаш. Бұл бүгінгі базаршылардың ортақ ойы спетті еді. Себебі аймақтардан Астанаға келгенде аспандап кететін «жүгенсіз бағаларға» осы тектес акциялар аздап болсада тосқауыл болып тұрғаны тағы бар.

img_9528

Ақмола шаруаларының аталмыш жәрмеңкесі думанды сауығымен де жұрт көңілін баурап жатты. Ашық алаңның төріне орнатылған көшпелі сахнының көрігін қыздырған өнерпаздар жиналған жұртқа «ән бесігі Көкшетаудың» сәлемін жолдады. Соңғы жылдары жиын-тойдың реңін кіргізіп жүрген ұлттық ойындарымыздың бір «Асық ату». Өзіндік ойын тәртібі мен жүйесі бар бұл ойынға балалар ғана емес, балалығын еске алған ересектер де кірісіп кететін болған. Ашық алаңның ортасына тасталған тақыр төсеніштегі асық алаңына жиналған жұрт бір ауық мәз-мейрам болысып жатты. Қолына қыранын қондырған саятшылар да ойын алаңының тамашысын асырғандай еді.

                           img_9530   img_9507

Екі күнге жалғасқан Ақмола облысының Астанадағы күндері аясында ашылған бұл жәрмеңке, елорда тұрғындарына мол өнімді берекелі күздің жомарттығын силап кетті. Әрі ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылып отырған облыстардан келген керуендердің айтулысы болып есте қалғандай еді…

Ақмола Елбасы үмітін ақтады ма?

Осы реткі жәрмеңке аясындағы қысқаша кездесу барысында облыс әкімі Кулагинның ширек ғасыр ішіндегі облыстың жеткен табыстары туралы келтірген мәліметін жоғарыда айтып өттік. Біртіндеп өркендеуге бет img_9519алған Қазақстанның әрқайсы аймақтарының даму деңгейі де әр түрлі. Ал осының ішінде Ақмоланың жөні тым бөлек. Себебі миллион адамдық қаланың айналасын қоршап жатқан алып аймақтың агро бизнеске қуаттылығы Алматы облысынан қалса екінші орында тұрғаны белгілі. Өңірдің өндірісі тек қана өз аумағына бағытталар болса, онда 25 жылда 11 есеге артқан өндіріс саласының бағындырған белестері қай басшының болмасын мақтана тұрып айтуына тұратын көрсеткіш. Десе де, ел астанасының Ақмолаға көшірілген кезеңінен бастап, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев, аталмыш облыстың мүмкіндіктеріне де баса мән ерумен келеді. Ең басты міндет-Астана қаласын сапалы да қолжетімді бағада сатылатын азық-түліктермен қамтамасыз ету еді. Яғни Астананың азық-түлік белдеуін қалыптастыруда Қарағанды облысымен қатар Ақмола облысының да арқалар жүгі мол болатын. Мемлекет осы бағытта стратегиялық жоспарлар қабылдап, Ауыл шаруашылығы министрлігіне нақтылы тапсырмалар да жүкетген еді. Алайда мемлекет басшысының жүктеген міндеттері толыымен жүзеге асты деуге әлі ертерек секілді. Өйткені өзге аймақтар мен алыс-жақын шетелдің азық-түліктері елорда дүкендерінде «бренд» болып сатылып жататынын жұрттың барлығы білетін шындық. Егер іргеде тұрған елді мекендерде өндірілген көкөністер мен өзгеде азық-түліктер жеткілікті болса шетелдің «вагонда пісіп келетін» шөп-шалаңы маңымызға жуый алмас еді ғой.

Осы төңіректегі ой-пікірлерімен бөліскен, «Ұлт Бірлігі» қоғамдық қорының президенты Бауыржан Шақарбекұлы «Ақмола облысының ауыл шаруашылығы дамыды» дегенге келіспейтіндігін айтты.

«Елбасының ойы, Астананы сапалы ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз ету болатын. Бұл туралы Астананы қоршап жатқан Ақмола, Қарағанды облыстарының әкімдеріне ашық тапсырмалар жүктегенін де БАҚ-арқылы көріп-біліп келеміз. Енді аязы ақырып тұрған Арқаға, «банан өсір» деп тапсырма берген жоқ қой. Ет, сүт, жұмыртқа, көкөністердің негізгі түрлері болса жеткілікті болар еді. 2008 жылғы Елбасы жолдауында да осы төңіректегі стратегиялық жоспарлар сөз етілген болатын. Қатысты министрліктер де нақты тапсырмалар алып, жоспарларын жұтындырып қойған. Ал шынтуайтына келгенде қыстыгүні қызанақ пен болғар бұрышы секілді көкөністерді Қытайдан тасып әкеліп жатқанын көресің. Тауықтың сан еті Америкадан келеді. Ортан жілігі тоқтының жілігіндей болған бұл неғылған тауықтар дейсің де қоясың. Қаладағы бүкіл мейрамхана осымен тамақ істейді. Ал адам денсаулығына әсері қандай дегеніңіз бөлек әңгіме. Осының барлығын Елбасымыз нақтылап тұрып айқындап берді ғой. «Сапалы әрі қолжетімді азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін Астананың азық-түлік белдеуін қалыптастыру» дегеніміздің ішінде көп нарсе қамтылып жатыр. Меніңше Елбасы тапсырмасының күні бүгінге дейін орындалмай кеуінің басты себебі- мемлекеттен бөлінген қаржы діттеген жеріне жетпейтін секілді. Жалған құжаттармен субсидия алып отырған қаншама адамдар барлығын да естіп жүрміз. Екіншіден азық-түлік саласын шеңгелінен шығарғысы келмейтін монополистер көрнеу және көмескі кедергілерін аямайтын секілді. Үшіншіден ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді нарыққа ынталандыру жағы кемшіл. Бұған барлық саланың өкілдері атсалысулары тиіс. Мысалы Ерейментаудан бір машина қойды Астанаға әкеліп сатып көрңізші. Жолда МАИ қызметкерлерінің өзіне қаншалық шығындалар екенсіз. Мен бұны көзіммен көргесін айтып отырмын»,-деді Бауыржан Шақарбекұлы осындай ортақ «індеттердің» еліміздің өзге аймақтарында да орын алып жатқанын айта келіп.

Ал, Ақкөл ауданының Азат ауылында шаруа қожалығын ашып жатқан Талап Бейсенбайұлы «мемлекет қаржысы діттеген жеріне жетпей жатыр» дегенге келіспейтіндігін айты. «Министрліктің белгілемелеріне img_9489сай, бөлініп жатқан субсидияларды уақтылы алып жатырмын. Негізі сиыр өсірумен айналыса бастадым. Қазрігі күнде елімізде сүт өнімдері өзімізді қамдауға жетіп қалды десек те болатын секілді. Күнделікті ақпаратқа құлақ түріп отыратын әдетім бар. Сүт өнімдерін өңдеумен айналысатын кейбір кәсіпорындардың «шетел нарығына шығып жатырмыз» дегендері шындық болса, бізде сүтке тапшылық жоқ шығар деп ойлаймын. Менің ойымша бізге жетіспей жатқаны көкөніс түрлері. Ақмоланың климатына байланысты негізгі азық картоп пен пияз, сәбіз секілді өнімдер болып тұр. осыған байланысты жылыжәйларды дамыту керек деп есептеймін. Сосын ауыл мен қаланың арасына алыпсатарлар жетіспейді. Бізде сүттің бір литрн 60-70 теңгеден жинайды. Қалада бұл сүтке сұраныс жоғары. Алайда сату жүйесі кемелденбегендіктен, ауылдың сүті алдымен заводқа кетіп жатыр. Менің арманым қалалы жердегі кішкентай дүкендерге шейін жаңа сауылған шикі сүт сататын құрылғылар орнату. Қазір тағамтанушы ғалымдар қораптағы ұзақ сақталатын сүттің адам ағзасына зияны барлығын ескертіп жатыр. сондықтан талғамы жоғары тұтынушыларды сапалы затпен қамдайтын елпек саудагерлер қосыны жетілсе жақсы болар еді. Осындай механизмдер жүйелі түрде оңайлатылған жағдай астында жұмыс істейтін болса, мал басы күрт молаятындығына сенімім мол. Сондықтан тұтас Ақмола шаруалары үшін Астана дегеніңіз үлкен орай, 100 шақырым жерде тұрып дайын базарға өнім шығара алмасақ кімге өкпелерміз»,- деді шаруасы оңалып келе жатқан Талап Бейсенбайұлы.

img_9487

Әрине әр адамның уәжі әр түрлі. Бастысы мемлекеттің саясаты мен қолдаулары жебеп тұрса, оны армен қарай дөңгелетіп әкету еңбек адамдарының өзіне сын болса керек. Алайда Арқа төріндегі алып қаланың азық-түлік мәселесін Ақмола облысы толығымен шешіп отыр деуден аулақпыз. Елбасы тапсырмасы да түбегейлі шешімін тауып кеткен жоқ. Осының ең басында жылдың төрт маусымында көкөніспен қамдалып отыру дегеніңіз үшін де бір облыстың әлеуеті жете қоймаса керек. Алайда «қалауын тапса қар жанар» деген халқымыз аман болса, бұл жұмыстардың да оң шешім табар мезгілі алыс емес деп сенеміз.

Ерқазы Сейтқали