«Сергек» жобасы қауіпсіздікті арттыруға негізделген
Жобаны іске асыру кезеңі 2022-2027 жылдарды қамтиды. Жобаның жалпы құны 5 млрд 230 млн 430 мың теңгені құрайды. Жоспар бойынша Тараз қаласында 35 желілік учаскедегі аппараттық-бағдарламалық кешен, 450 нысанға 1250 жалпы бейнебақылау камералары, деректерді өңдеу және талдау орталығы: серверлер, деректерді сақтау жүйесі; коммутациялық және маршруттаушы жабдық, 13 қиылысқа аппараттық-бағдарламалық кешен орналастырылмақ. Бүгінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартымен бекітілген адрестік бағдарламаға сәйкес, 130 нысанда 413 дана жалпы бейнебақылау камерасы орнатылып, оның 165 данасы іске қосылды. Аталған жобаның құрылыс жұмыстарын аяқтау ағымдағы жылдың қыркүйек айына жоспарланған. Сондай-ақ, жүйені толық іске қосқаннан кейін ҚР ҰҚК Мемлекеттік техникалық қызметінің ақпараттық қауіпсіздік жүйесінің талаптарына сәйкестік рәсімдері жүргізіліп, оң қорытындысы алынған соң, 2022 жылдың желтоқсанында нысанды пайдалану көзделуде.
Бұдан бөлек, Жамбыл облысы Полиция департаменті тарапынан республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында жылдамдықты шектеу камераларын орнату адресі бекітіліп, 10 дана жылдамдықты шектеу камераларын орнатылды.
Басқарма аймақтағы автожолдардың сапасын, қауіпсіздікті арттыру бағытындағы жұмыстар одан әрі де жалғастырыла беретін болады. Жалпы жол саласында атқарылып жатқан жұмыстар осылай сипатталады.
Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы