Пияз алқабын аралап көрді

ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ

Аудандағы «Жасұлан» және «Құлмахан» шаруа қожалықтарында пияз жинау жұмыстары қызу жүріп жатыр.

Осында арнайы атбасын бұрған аудан әкімі Ернар Есіркепов облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес «Алқаптан – сөреге дейін» жобасы аясында шаруа қожалықтары мен дүкен арасында тікелей форвордтық келісімшарт негізінде аудан дүкендеріне өткізілетін пияз дақылының сапасына зер салды. Аудан басшысы алғашқылардың бірі болып тамшылатып суару жүйесін пайдаланып отырған «Жамбыл-БТТ» шаруа қожалығына да барып, 120 гектарға егілген пияз алқабын аралап көрді. Сондай-ақ Құмарықтағы Шал-су каналының бас тоғаны, Көгершін каналының бас тоспасы және Құландағы Шөңгер каналының жағдайын көріп, су өткізу мүмкіндіктерін қарады.

Жүрсінгүл ЖАҚЫП, Ақ жол газеті