Өмірдің бір қызығы – бала деген

Бүгін аудан орталығындағы «Достық» мәдениет үйінің алаңшасында «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы аясында жәрмеңке ұйымдастырылды.

Жәрмеңкенің мақсаты — аз қамтылған және көпбалалы отбасынан шыққан балаларға қолдау көрсету, сонымен бірге халыққа жалпы мектепке қажетті заттарды төмен бағамен ұсыну.

Жәрмеңкеде оқушыларға мектепке қажетті барлық құрал-жабдықтары және мектеп формалары қолжетімді бағада ұсынылды. Бұл ізгі шараға аудан әкімі ретінде мен де өз үлесімді қостым.

«Өмірдің бір қызығы – бала деген» дегендей, адам өмірінің мәні мен сәні де – бала. Бала – отбасының мызғымас тірегі, ертеңге деген сенімінің кепілі. Ал, осы балалардың жүзінен күлкі көру – ата-ана үшін үлкен бақыт.

Келешегіміздің қожасы балаларымызды білімді де мәдениетті, тәрбиелі де әдепті, кішіпейіл де қарапайым етіп тәрбиелеу өз қолымызда.

Мұртаза Жалғас, Жуалы ауданының әкімі