Жебірейдің 35 мақалы
- Ақшалы болудың жақсылығы бір тиынсыз қалудың жамандығынан артық.
- Адам — жер бетіндегі тұңғыш бақытты пенде, өйткені оның енесі болмаған.
- Егер мәселені ақшамен шешуге болса, онда ол қиындық емес, артық шығын ғана.
- Құдай адамға көп тыңдап, аз сөйлесін деп екі құлақ, бір ауыз берген.
- Құдай жаман әйелден сақтасын, жақсыларынан өзің сақтан!
- Шарап ішсең, құпия паш етіледі.
- Құдай бір мезетте барлық жерде бірдей бола алмайды. Сондықтан да ол аналарды ойлап тапты.
- Тәтті болма, жеп қояды. Ащы болма, түкіріп тастайды.
- Серкенің алдына шықпа, жылқының артынан жүрме, жындының айналасына жолама.
- Қонақ пен балық үш күннен соң иістене бастайды.
- Білім көп орын алмайды.
- Сақалсыз жебірей, жебірейсіз сақалдан жақсы.
- Адам тым болмағанда айналасын тану үшін өмір сүруі керек.
- Ақсақтың тез жүгіргенін соқыр көріп, оны мақау кереңге жеткізіпті.
- Құдай кедейді ары кеткенде құны қымбат күнәдан сақтайды.
- Егер қайырымдылықтың құны болмаса, жұрттың бәрі филантроп болар еді.
- Кәрі қыз күйеуге шықса, жас келін атанады.
- Ата-анасы баласын сөйлеуге үйретеді, баласы әке-шешесін үндемеуге үйретеді.
- Алыстан адамның бәрі жақсы.
- Бәлкім, жұмыртқа тауықтан ақылдырақ шығар, бірақ ол тез иістенеді.
- Әйелдер аз сөйлесе, еркектер көп қимылдар еді.
- Жақсылықпен үндемеу, жақсы сөз айтқаннан қиын.
- Жаман әйел — жаңбырдан да жаман: жауын үйге кіргізсе, әйел үйден қуады.
- Әлем адамның көптігінен құрымайды, адамгершілігі жоқтардың көптігінен мүрдем кетеді.
- Құдай! Аяққа тік тұрғыз, құлауды өзім де білем.
- Егер өмір жақсы жағына өзгермесе, онда күт, жамандық тез келеді.
- Махаббат қанша тәтті болса да, одан шырын тамбайды.
- Түк таппаған адам ұлы істерге қол созады.
- Жолайрыққа келгенде торыққан адам екеуін де таңдайды.
- Жұрттың бәрі ақшаның жоқтығына шағымданады, мидың жоқтығына жан пенде үндемейді.
- Баласы жоқ болса, айтар ақылы да көп.
- Қорқып өлгеннен күліп өлген артық.
- Тәжірибе деп адамдар жасаған қателіктерін атайды.
- Ақ шаш даналықтың емес, қартаюдың белгісі
- Қартайған адам нашар көрсе де, көпті көреді.
Аударған Шынар Әбілдә