Бибігүл Жексенбай жаңа қызметке тағайындалды
Бибігүл Жексенбай Нұрғалиқызы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс жөніндегі кеңесшісі болып тағайындалды. Алайда, ол Бас редакторлар клубы президенті ретінде де жұмысын жалғастыра береді.
Бибігүл Жексенбай — Халықаралық Бизнес Академиясының бизнес басқару магистрі. /ХБА-МАБ/.
Белгілі журналист жөнінде қысқаша айта кетсек. Ол кәсіби қызметтік жолын 1992 жылы «Спорт» басылымында тілші болып бастады, кейінірек республикалық қоғамдық-саяси «Жас Алаш» және «Атамұра» басылымында қызмет етті. Редактор, продюсер қызметтерінде болды, кейіннен «Хабар» агенттігінің Астана қаласы бойынша орталық бюро директорының орынбасары қызметіне тағайындалды. Кейін, «Қазақстан» теле-радио корпорациясында, «Эра» телеарнасының бас директоры орынбасары-бас редакторы, «Жетінші арна» телеарнасының бас директоры болып жұмыс істеді. Соңғы уақытта «Жетінші арна» Директорлар кеңесінің төрайымы қызметін атқарды.
Сондай-ақ, Б.Жексенбай өзінің кәсіби мансабында көптеген жетістіктерге жеткен. Ол «Құрмет» ордені, БАҚ саласындағы Қазақстан Республикасының Президенті сыйлығының лауреаты, «Қазақстан Тәуелсіздігінің 10-жылдығы», «Астананың 10-жылдығы» мерекелік медалдарымен марапатталған және «Мәдениет қайраткері» атағының иегері.
«ЕлАна» қоғамдық-танымдық, әлеуметтік сайты атынан Бибігүл Жексенбайды жаңа қызметімен құттықтап, еңбегіне береке тілейміз!