Иткөйлек

Дәстүр мен ғұрып: Иткөйлек

⚜️ Ырымшыл халқымыздың баланы қырқынан (туғанына қырық күн толған күн) шығарғаннан кейін оның көйлегіне тәтті түйіп, оны иттің мойнына байлап жіберетін дәстүр бар. Итті балалар қуып жетіп, мойнындағы ит көйлекті шешіп алып, тәттісін бөліп жейді. Көйлекті баласы жоқ келіншектер ырым қылып алады.

⚜️ Бүгінгі күні бұл дәстүр сіздерде қалай орындалады?