Орталық аппаратының ұжымы Қостанай облысындағы табиғи өрттерден зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету қорына бір күндік жалақысын аударады
Орталық аппаратының ұжымы Қостанай облысындағы табиғи өрттерден зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету қорына бір күндік жалақысын аударады.
«AMANAT» партиясы Орталық аппаратының ұжымы Қостанай облысындағы табиғи өрттерден зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету қорына бір күндік жалақысын аударады.
Қазіргі уақытта еліміздің түкпір-түкпірінен азық-түлік, жеке тазалық заттары, киім-кешек, төсек-орын, сондай-ақ қажетті дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар тиелген жүк көліктері жөнелтіліп жатыр.
Еске сала кетейік, бүкіл еліміз бойынша партияның аймақтық филиалдары жанынан кешеден бастап гуманитарлық көмек қабылдау пункттері ашылды. Олардың жұмысына «Жастар Рухы» жастар қанатының мыңнан астам еріктілері жұмылдырылды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі