БІР ҚАЗАҚ СҮРІНСЕ, МЫҢ ҚАЗАҚ ДЕМЕУ БОЛАДЫ
Бір қазақ сүріне кетсе, демеуге ұмтылатын қасиетті халықтың ақ ұлпадай көңілі әлі елімізді талай белестерге бірге жетелейтініне шүбә жоқ. Бүгін Қаратөбе ауылдық округінің жаны жомарт жандары осы бір қаймана қазақтың өзгермес қасиетін тағы бір дәлелдеді.
Ауылдың белсенді азаматтары мен кәсіпкерлері Қостанайдағы тілсіз жаудан жапа шеккен азаматтарға гуманитарлық көмек беру үшін ауыл орталығына жиналып, қолдан келер көмектерін көрсетуде.
Игі істің басы-қасында округ әкімі Ғамзат Сағымбеков те табылып, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаруға ниет еткен ауылдастарына ризашылығын білдірді.
Ауылдықтардан жиналған көмек қоры таразыдағы салмағы ауыр амалдардың бірі болмақ.
Жамбыл ауданы әкімдігі