ҚАЗАҚТЫҢ МЕРГЕН ҚЫЗЫНЫҢ КӨШЕСІ АСФАЛЬТТАНУДА
Аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлының жыл қорытындысы бойынша өткен есептік кездесуде Өрнек ауылының тұрғындары халықтың батыр қызы, Кеңес одағының батыры Әлия Молдағұлова көшесі асфальттануы керектігін айтып, жұмыстарды қолға алу керектігін жеткізген болатын.
Сөзден-іске келер болсақ, бүгінде «Рауан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ұзындығы 1 шақырымды құрайтын көшеге жол жабындысын төсеу үшін дайындық жұмыстарын бастап кетті.
Орта жөндеу жұмыстарының барысымен танысқан ауыл әкімі Қанат Темешбаев жұмыстар уақытылы әрі сапалы жасалу қажеттігін, әкімдік пен ауыл азаматтары тарапынан зерделеу жұмыстары үйлестірілетін алға тартты.
Осылайша, аудан басшының жұртшылыққа берген тағы бір уәдесі орындалуда.
Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі