Теңіздей сұлулықтан – бір тамшы бақыт артық.
Сан жетпес байлықтан – бір таза жүрек артық.
Мыңдаған бос сөзден – бір шындық сөз артық.
Көп атақ–абыройдан – бір шымшым иман артық.
Жүз жалған достан – бір адал дос артық.
Мың сұлу қыздан – бір сүйікті жан артық…