«АМАНАТ» ҚОЙЫЛЫМЫ ОРЫС ТЕАТРЫНЫҢ САХНАСЫНДА (ФОТО)

Күні кеше М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының сахнасында «Алпамыс» қазақ жауынгерлік эпосының желісі бойынша қойылған «Аманат» атты спектаклінің премьерасы өтті. Аталған қойылымҚазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналып отыр.                   

%d0%b0%d1%84%d0%b8%d1%88%d0%b0_01

Қоюшы режиссер — Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Бекболат Саттарұлы Парманов, суретші – Қырғызстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Қырғызстан Республикасының «Даңқ» мемлекеттік наградысының иегері, Ш.Айтматов атындағы орыс драма театрының бас суретшісі Юлдаш Нурматов, костюм суретшісі – Зухра Мукамбетова (Қырғызстан), Алпамыс рөлін сомдаған – астаналық орыс драма театрының актері Максим Ященко, Гүлбаршын рөлін орындаған – жас актриса Наталья Маштакова.

zha_2310-%d0%ba%d0%be%d0%bf%d0%b8%d1%80%d0%be%d0%b2%d0%b0%d1%82%d1%8c

Шығармашылық ұжым репертуарын толықтырған бұл спектакльге театрдың барлық әртісі жұмылдырылған. Жас әртістер мен сахна шеберлері режиссермен және суретшімен тығыз байланыс орнатып, жауынгерлік эпостың ерекше атмосферасын сахнаға алып шықты. Тағы бір ерекшелік – орыс драма театры актерлерінің қазақ әндерінің орындауы. Мысалы: «жоқтау», «Туған жер» және т.б., сондай-ақ, музыкалық әрлеуді жасау барысында тек қазақтың этникалық аспаптары қолданылды: домбыра, қылқобыз, жетіген, шаңқобыз, сыбызғы.   

zha_2644-%d0%ba%d0%be%d0%bf%d0%b8%d1%80%d0%be%d0%b2%d0%b0%d1%82%d1%8c      

  Алпамыс образын ерекше жасай алған актер Максим Ященко үшін бұл басты рөлдердің алғашқысы емес. Бұған дейін ол А.Касонаның «Дикарь. Третье слово…» атты шығармада ол бозбала рөлін орындаса, бұл қойылымда елін қорғайтын батыр бейнесін көрермендерге жеткізе алды.                                            

«Қазақ халқында өз Отанын соңғы демі қалғанша қорғаған батырлар туралы көптеген аңыздар бар, бірақ Алпамыс образы мен үшін ерекше. Оның ел мен жерінің азат болуы үшін жасаған ерлігі осы рөлді сомдаудағы шешімімде соңғы нүктесін қойды»-дейді М.Ященко.        

zha_2664-%d0%ba%d0%be%d0%bf%d0%b8%d1%80%d0%be%d0%b2%d0%b0%d1%82%d1%8c  

Қойылымды сахналаған режиссер Бекболат Парманов өз ойын сараптай келе:

-Биылғы жыл – Қазақстан үшін ерекше. Біз Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын атап өткелі жатырмыз. Осыны ескере отырып, біз үшін мазмұны мен көрінісі жағынан мерейтойлық датаға сай болатын материалды ұзақ уақыт іздедік. Кейін, қазақтың «Алпамыс» атты жауынгерлік эпосын таптық. Ол  барлық түркі тілдес халықтары үшін ортақ маңызды әдеби мұра болып табылады. Спектакль атын «АМАНАТ» деп қойдық. Себебі, ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа аманат болып жеткен бұл эпосты кейін жастар буынына жеткізу – біздің басты міндетіміз, Премьерадан кейін ұмытылатын спектакльдер аз емес. Өз кезегімізде, біз өз алдымызға ұмтылмас, көркемдік жағынан ерекше, сахнада ұзақ жылдар бойы көрсетілетін спектакльді жасауды мақсат етіп қойдық. Және де сол мақсатқа жеткен сияқтымыз,-дейді.