51 МЕКЕМЕ ҚАТЫСҚАН СЕНБІЛІКТЕ 44 ТОННА ҚОҚЫС ШЫҒАРЫЛДЫ

Күзгі екі айлық санитарлық-тазалық жұмыстарын тиісті деңгейде ұйымдастыру мақсатында аудан әкімінің ағымдағы жылдың тамыз айының 26 күні № 523 қаулысы рәсімделіп, Жамбыл ауданы аумағында күзгі санитарлық тазалық жұмыстарын үйлестіру және ұйымдастыру жөнінде арнайы штаб мүшелері бекітіліп, іс-шаралар жоспары әзірленіп, жұмыстар қарқынды басталуда.

Аталған іс-шаралар жоспарына сәйкес, штаб мүшелері тұрақты түрде әр аптаның бейсенбісінде штаб отырысын ұйымдастырып, алдағы өткізілетін сенбілікке дайындық жұмыстарын пысықтап, сенбілік ұйымдастырылатын аумақтарды анықтап, шешім қабылдап отырады. Үстіміздегі жылдың қыркүйек және қазан айлары тазалықтың екі айы болып бекітіліп, аудан тұрғындарын қоршаған ортаның тазалығын сақтауға шақыру мақсатында жергілікті ақпарат құралдарында және газет бетінде аудан әкімінің № 523-ші қаулысы жарияланды (аудан әкімінің 26.08.2022 жылғы № 523 қаулысы 03.09.2022 жылы аудандық «Шұғыла-Радуга» газеті №67 басылым).
Аудан көлемінде үстіміздегі жылдың 17 қыркүйегінде ««World Cleanup day» тазалық акциясы ұйымдастырылды. Тазалық акциясы 17 ауылдық округте және «Тараз-Аса» автомобиль жолы бойында аудандық 51 мекемелердің қатысуымен өтті. Аудандық мекемелер мен ауылдық округтер тарапынан күл-қоқыстан тазалау, қураған талдарды шабу және т.б. жұмыстар жүргізілді. Санитарлық-тазалық жұмыстарына жалпы 1780 азамат, 36 техника қатысып, 44 тонна қоқыс шығарылды.

Жамбыл ауданы әкімдігі