Мұхаммед Әлидің айтқандары
— Менің ең ауыр күресім Паркинсон ауруымен болды. Жоқ, бұл ауырлық әкелмеді. Оны түсіндіру қиын.
— Күн әйтеуір бір жерден жарқырап шығады.
— Олимпиада ойындарынан кейін жарқыраған алтынымды тағып Луисвиллге қайтадан келдім. Тек қана ақ нәсілділерге арналған дәмханаға бас сұқтым. Оларды өз орындарына қоямын деген ой болды. Үстелге жайғасып, тапсырыс бергім келген. Олимпиада чемпионымын, алтын медалім бар! Ал маған: «Қара нәсілділерге еш нәрсе бермейміз» деді. Мен айттым: «Бәрі дұрыс, мен кедей емеспін». Мені бәрібір көшеге қуып шықты. Сонда мен Огайо өзенінің жағалауына бардым да, алтын медалімді суға лақтырып жібердім.
— Сен дұрыс айтқанда, ешкім оны есте сақтамайды. Ал қателік жасасаң, ешкім ешқашан ұмытпайды.
— Жақсы жауабың болмаған кезде, үнсіздік алтынмен тең.
— Біздің өміріміз азғантай ғана, өте шығады. Бірақ, Құдай үшін бір нәрсе жасаңыздаршы, сонда өмір мәңгі болады.
— Мейірім – менің анам.
— Адамның анасы қайтыс болғанда, шынымен жанға батады. Уақыт өте келе оның жоқтығына да етіңіз үйренеді. Өмір сондай…
— Жауыздыққа беретін анықтамам – дұшпандық.
— Түсіңді шындыққа айналдырудың ең тиімді әдісі – ояну.
— Комедия – күлкілі болып отырып, салмақты болудың әдісі. Әзілдеу – менің шындықты айтатын әдісім. Дүниеде шындықтан күлкілі әзіл жоқ.
— Ескіні қоқысқа лақтыруға аямаймын.
— Өзгеге көмектескен сайын, өзімізге көмектесеміз.
-Сенің қалағаныңды жасамағанда да, бала-шағаңның бар болғаны үшін қуан.
— Арман шындыққа айналады.
-Өзіңнің ақылсыз екендігіңді мойындаудың өзі ақылдылық.
-Менің түсінбейтінім – соғыс.
-Өткен қателіктер үшін әрдайым уайымдай беру – ең өрескел қателік.
-Чемпион жаттығу залдарында пайда болмайды. Адамның ішіндегі құлшыныс, арман, мақсат чемпионды тудырады.
-Жүз жыл өмір сүргім келеді.
-Бір ғана нәрсе тілеймін, адамдар бәрін де мені жақсы көргендей жақсы көрсе екен. Сонда әлем басқаша болар еді…
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева
Дереккөз:massaget.kz