ТУРНИР

Жуалылық жас боксшылар бокстан жасөспірімдер арасындағы республикалық турнирде «алтын» және «қола» медальдар жеңіп алды.

Алматы қаласында жасөспірімдер арасында Кеңес Одағының Батыры Максим Якуповты еске алуға арналған бокстан республикалық турнир аяқталды. Жамбыл облысының құрамасында Жуалы ауданының боксшылары Бейбарыс Әшірбай мен Мұхамедәли Рүстембек өнер көрсетті. Рингке жүзге жуық спортшы шықты. 52 келі салмақ дәрежесінде чемпион атанған Бейбарыс Әшірбайға тең келер ешкім болған жоқ. 66 келі салмақта Мұхамедәли Рүстембек қола медальға ие болды.
Турнир жеңімпазы атанған Бейбарыс Әшірбай Азия чемпионатына жолдама алды.
Бапкері Нұркен Рахманқұл.
Жас өрендерді құттықтаймыз!