Күзде керек болатын кеңес
Күн суыта үлкенді де, кейде тіпті кішіні де әуре ететін қуықтың қабынуын (аса асқынбаған болса) үй жағдайында да емдеуге болады. Бірнеше рецептпен бөлісейік:
⏺ Мүкжидек. Цистит кезінде ағзаға оң әсер беретін пайдалы қышқылдардың қайнар көзі. Ол (клюква) қабынуды азайтып, ағзаны улы заттардан тазалауға көмектеседі. Морс дайындау үшін 500 грамм мүкжидек, бал немесе қант қажет. Жидектерді блендермен езіп, дәкеге салып, шырынын сығып аласыз. Осы шырынды 2 литр қайнаған суға қосып, араластырасыз. Дәміне қарай бал, қант қосуға болады. Осындай тәсілмен жасалған морсты күн бойына сусын орнына ішу керек.
Мүкжидек жеке қарсы көрсетілімі бар және несептас аурулары бар адамдарға қолдануға болмайды.
⏺ Шайшөп (зверобой). Ол ағзаны тазалауға көмектеседі және жүрек қан-тамыр жүйесінің жұмысын жақсартады деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Микробқа қарсы әсерінің арқасында циститпен күресте теңдессіз болып табылады. Шай шөп тұнбасын дайындау үшін 30 грамм ұнтақталған шай шөптің үстіне ыстық су құясыз. Мүмкіндігінше, бұл дәріні термоста әзірлеген дұрыс. Тұнба 4-6 сағат көлемінде дайын болады. Оны 15 миллилитрден күніне 3 мезгіл ішу керек. Шайшөпті тері аурулары, гастрит және асқазан жараларының асқынған кезінде ішуге болмайды.
⏺ Емен қабығы. Еменнің қабығы қабынуға қарсы және антисептикалық әсерге ие. Оны циститтен емделу кезінде ішуге ұсынылады. Қайнатпаны дайындау үшін 1 ас қасық ұнтақталған қабықты 500 миллилитр суға салып, қайнату керек. Қайнай бастаған кезде отты бәсеңдетіп, 15-20 минут баяу отта қайнату қажет. Осылайша дайындалған қайнатпаны күніне 3 мезгіл қабылдайды.
Бауыры мен бүйрегінде ауыр патологиялық аурулары бар науқастарға емен қабығынан жасалған қайнатпаны ішуге болмайды.
⏺ Аюқұлақ немесе толокнянка. Бұл дәрілік өсімдіктің жапырақтарының қайнатпасы бактерияға қарсы және дезинфекциялау әсеріне ие. Қайнатпаны дайындау үшін 1 ас қасық ұнтақталған жапырақтарға 1 стакан ыстық су құясыз. Дайын болған қоспаны жарты сағат сыртынан қайнатасыз да, суытып, сүзіп аласыз. Қоспаны қайнаған сумен араластырып, күніне 1 стаканнан қабылдау керек.
Бүйрек ауруларының асқынған кезінде бұл дәрілік өсімдіктерді қолданбаған жөн.
Жарас ҚАСЫМ.
«Ауырмаңыз!» газеті.