Күзгі жапырақты тастамаңыз
Бұл рецепті алғаш оқығанда мен таң қалдым. Күзгі жапырақта көп шипа бар деп кім ойлаған?
Үйеңкінің (клен) сарғайып, жерге түскен жапырағынан 270 дана керек. Ағаштан жұлып алуға болмайды, ол міндетті түрде өзі түскен болу керек. Жапырақты ағын суға шайып, жіпке тізіп, кептіреді. Мұқият қаттап, пакетке салып қойсаңыз, бірнеше ай бойы үзбей емге қолдануға қолайлы.
Әр күні үш дана жапырақ деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Оны эмаль ыдысқа салып, 2 стакан су құяды. Баяу отта асықпай қыздыра отырып, 2 минут қайнатып, сыртын жылы орап, 15 минут тұндырады. Сосын сүзіп алсаңыз, дәрі дайын. Стаканның үштен біріндей мөлшерде күніне 3 рет, астан 15 минут бұрын ішеді. Бір ай ішіп, 2 апта демалу арқылы үш емдік курс жасалуы тиіс.
Бұл рецепті мен ресейлік «ЗОЖ» сайтынан оқыдым. Жапырақ қайнатып ішуге сенгім келмеді. Бірақ «Орман рецепті» деп аталатын осы емді көп адам мақтап жазыпты. Үйеңкінің күзгі жапырағы тізесі ауыратындар үшін үлкен көмек көрінеді.
Жарас ҚАСЫМ.
«Ауырмаңыз!» газеті.