Эйнштейннің елден ерек ойлары
«Тек ақымақ қана тәртіпті қажет етеді, ақылды адам жағдаятты басқарады»
Иә, бұл атақты теорияларымен әлемнің есінде қалған атышулы ғалым Эйнштейннің сөздері болатын. Оның режиссер әрі киноактер Чарли Чаплинмен болған диалогы тарихта қалды. Эйнштейн: «Сіздің «Алтын безгек» фильміңіз әлем халықтарының бәріне түсінікті. Сөзсіз, сіз ұлы адамсыз»,-деді Чарли Чаплинге қарата. Сонда актер: «Сіздің салыстырмалылық теорияңызды ешкім түсінбейді. Бірақ, сіз сонда да ұлы адам болдыңыз»,-деген екен. Ғылымның тереңіне бойлаған жандардың сана биігіне көпшіліктің өресі жете бермесі анық. Бірақ, бүгінде қазіргі теориялық физиканың негізін қалаған Эйнштейннің постулаттарын дүниежүзі мойындады. Біз назарларыңызға ғалымның ең таңдаулы сөздерін ұсынамыз.
1. Тек екі шексіз нәрсе бар: ғалам және надандық. Бірақ, ғаламның шексіздігіне сенімді емеспін.
2. Егер сіз алты жасар балаға бір нәрсені ұғындыра алмасаңыз, ол нәрсені өзіңіз түсінбейсіз.
3. Білім – мектеп қабырғасында жаттаған білімнің бәрі ұмытылғанда қалатын нәрсе.
4. Біз бәріміз ғұламамыз. Бірақ, егер сіз балықтың қабілетін ағашқа шыға алумен өлшесеңіз, ол өмір бойы өзін ақымақ сезініп өтеді.
5. Абсурдтық ойларды жүзеге асыруға талпынған адам ғана мүмкін емес нәрселерге қол жеткізеді.
6. Мен үшінші дүниежүзілік соғыста қандай қару-жарақ қолданылатын білмеймін. Бірақ, төртінші дүниежүзілік соғыста адамдар таяқ пен тастарды пайдаланады.
7. Бір нәрсені қайталап, басқа нәтиже күту – ақымақтық.
8. Егер сіз мәселені оны туындатқандар секілді ойлайтын болсаңыз, оны ешқашан шешпейсіз.
9. Өмір – велосипед айдау сынды. Тепе-теңдікті сақтау үшін сіздің жүруіңіз керек.
10. Адам өзін-өзі жеңгенде ғана шынайы өмір сүреді.
11. Жетістікке жету үшін емес, өмірді мәнді ету үшін талпыну керек.
12. Егер бақытты болғың келсе, адамдар мен заттарға емес, мақсатқа «байлан».
13. Адамдардың бәрі өтірік айтады. Бірақ, ол қорқынышты емес. Себебі, ешкім бір-бірін тыңдамайды.
14. Ешқашан қателеспеген адам ешқашан жаңа нәрсені татып көрмеген.
15. Бүкіләлемдік заңдар тек «Бүкіләлемдік заң жинақтары» еңбегінде ғана «өмір сүреді».
Салтанат Шынәділ