Не пайда, не қызық?

Білім мен білік далбаса,
Өмірде жолың болмаса.
Адалдығың көк тиын,
Шибөрілер жалмаса.
Өрге баспас ақиқат,
Жағымпазды қолдаса.
Аламаннан не қызық,
Есектен тұлпар озбаса.
Қор болады кәтеп нар,
Қазықта тұрып боздаса.
Ол да бір бақыт екен ғой,
Жаныңдағы серігің,
Аяққа тұзақ салмаса.
Ақындықтан не пайда,
Ақиқатты жазбаса.
Арманым еді Алашым,
Азаматым азбаса.
Орындалмас бәрібір,
Тілерім тек Тәңірден,
Адамдығым тозбаса!…

Ғани-Ахмет