Ақтөбе қаласындағы оңтүстік айналма автокөлік жолы 15 қазанда ашылады
Ақтөбеде Оңтүстік айналма автокөлік жолы жоспарланған мерзімінен бұрын ашылады. Атап айтқанда, көлік жүпргізушілері 15 қазаннан бастап тегіс жолда қауіпсіз жүре алатын болады.
Тиісті шешім бүгін облыс әкімдігінде өңір басшысы Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен қызметтік жиында қабылданды.
Шешім қабылданар кезде орындалған жұмыстардың көлемі мен жол құрылысының қарқынын жеделдету мүмкіндігі ескерілді.
Көлік қозғалысы үшін төрт жолақтың екеуі ашылатын болады. 15 қазанда осы екі жолаққа асфальтбетон жабындысының төменгі қабатын төсеу жұмыстары аяқталады.
Облыс әкімі Е.Тоғжанов: «Біз жұмыс кестесін барынша мерзімінен бұрын орындауымыз керек. Қала тұрғындары осыны күн сайын сұрап отыр»,- деп атап өтті.
Бұдан бөлек, өңір басшысы «Оңтүстік айналма» жолымен қатар, қаланың басқа да жолдарына белгі қою жұмыстарын тездетуді тапсырды.
Бұдан бұрын хабарлағандай, мердігер мекеме автокөлік жолының екі жолағындағы асфальттың төменгі қабатын төсеу жұмыстарын тек қазан айының соңында аяқтауды жоспарлаған.
Реконструкциялау жұмыстары 2023 жылы толықтай аяқталады.
Бұдан бөлек, жиын барысында Бестамақ ауылы арқылы өтетін «Ақтөбе-Қандыағаш» автокөлік жолының құрылысы да қаралды. Белгілі болғанай, ауыл тұрғындары жолдың бойына биіктігі 4 метрлік дыбыс өткізбейтін қоршаулардың орнатылғанына қарсы. Облыс әкімі бос кеңістік сезімін туғызу мақсатында олардың биіктігін кішірейтіп, ашық түсті материалдардан жасау мүмкіндіктерін зерделеуді тапсырды.
Жалпы, өңір басшысы жиынға қатысқан жергілікті атқаруші органдар мен жол құрылысымен айналысатын компаниялардың басшыларына «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Ақтөбе облыстық филиалының басшысы Марат Махамбетовтің ұйымдастырушылық қабілетін үлгі етіп, «Ақтөбе-Қандыағаш» жолының құрылыс жұмыстарына оң баға берді.