Жамбылдық ҰОС ардагерлері мен мүгедектеріне қамқорлық үзілген емес
Биыл 10 Ұлы Отан соғысының мүгедегіне теңестірілген азаматтарға Жамбыл облыстық бюджеттен санаторлы-курорттық емдеуге жолдама берілді. Жалпы, аймақтағы қарттарға мүмкіндігінше қамқорлық көрсетілуде. Атап айтқанда, 2022 жылдың 30-қыркүйегіне Тараз қаласы мен аудандарда тұратын 21 Ұлы Отан Соғысының қатысушылары мен мүгедектері коммуналдық кәсіпорындар арқылы жеңілдіктер қаралған.
Бұл туралы ӨКҚ баспасөз брифингінде облыс әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының әлеуметтік көмек бөлімінің басшысы Дилдабекова Марал Аманжолқызы айтты. Оның мәліметінше, электрқуаты, газ салқын су, қатты отын, канализация, ыстық су және жылуға кәсіпорындар есебінен 535,7 мың теңге көлемінде көмектер көрсетілді.
✅«Тараз қаласының 11 Ұлы Отан соғысының ардагері мен мүгедектеріне 167,6 мың теңге телефон қызметі үшін өтем ақы төленіп отыр. 2022 жылы жалғыз басты қарттар мен мүгедектерге үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету мақсатында жергілікті бюджеттерден 567,5 млн теңге қаралып, облыс көлемінде осы қызмет түрін қажет ететін 1164 адамның 980 ардагерлер болса, 184 жалғыз басты мүгедектерге үйде арнаулы әлеуметтік қызметтің стандартқа сәйкес 6 түрінен 165 әлеуметтік қызметкер аптасына 2 сағаттан 2 рет қызмет көрсетуде. Орта есеппен әр әлеуметтік қызметкер стандартқа сәйкес 6-8 адамға қызмет көрсетеді», — деді спикер.
Сонымен қатар, облыс көлемінде орналасқан 4 «Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталықтарынды» 370 қарттар мен мүгедектерге арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынылып жатыр.
Жамбыл облысы ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі