Жамбылда Шерхан Мұртаза атындағы кабинет ашылды

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің N30 мектеп-гимназиясында Шерхан Мұртаза атындағы кабинет ашылды.
Кеш барысында Тараз қаласының білім бөлімінің басшысының орынбасары Дүрия Тоғатаева алғашқы болып сөз алды.

Тарихта қолтаңбасы қалған, қоғам қайраткері, халық жазушысы Шерхан Мұртазаның есімі білім мекемесіне берілгені көкейге қуаныш сыйлады.

Келер ұрпаққа қалдырған ізі жаңғырып, тарихта аты қалған жазушының сауатын ашып жүрген оқушылардың да зейінін аша түсетініне сенімім мол- деді Дүрия Құрмашқызы.

Жиын барысында мәнерлеп оқудан үздік деп танылған оқушылар Шерхан Мұртазаның шығармаларын жатқа оқыды.

Бұл кабинетке Шерханның алақанының табы қалған естелік дүниелер жәдігер болып төрге қойылып, кітаптары мен қолданған бұйымдары, сондай-ақ жазбаларындағы сөздері өскелең ұрпаққа өнеге ретінде қабырғаға ілініпті.

Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ