Жерлестеріміздің жеңісі құтты болсын!
Дүниежүзілік көшпенділер ойыны: ел қоржыны қос алтынмен толықты
Алғашқы алтын жүлдені 60 келі салмақ дәрежесінде қазақша күрестен Марат Нығматуллаев иеленсе, екінші тарихи жеңісті көкпаршылармыз әкеліп отыр.
Олар Қырғызстан құрамасымен ақтық бәсекеде сынға түсіп, 4:3 есебімен ел намысын қорғады.
Бұған дейін ІV Дүниежүзі Көшпенділер ойындарында еліміз екі күміске қол жеткізген болатын.
Оның біреуін дәстүрлі садақ атудан, екіншісін жамбы атудан еншіленген еді.
Жерлестеріміздің жеңісі құтты болсын!