Иттен адамдар үйренетін он сипат бар
1) Аш қалады, бұл салихтердің әдебі, аз нәрсеге қанағат жасайды бұл сабыр етушілердің белгісі.
2) Үйі жоқ, бұл тәуекел етушілерлің белгісі.
3) Түнде аз ұйықтайды, бұл түнде ояу болып құлшылық жасайтындардың белгісі.
4) Өлген кезде одан бір мирас қалмайды, бұл дүниеге мән бермегендердің белгісі.
5) Оған қандай бір зұлымдық жасаса да, егесін тастап кетпейді, бұл опалы болғандардың белгісі.
6) Орнының ең жаман болғанына да қанағатшыл болады, бұл қанағатшылдардың белгісі.
7) Жатқан орнын біреу ала қойса ол жерден тұрып кетіп, басқа жерге жата береді, бұл дүниеге мән бермегендердің белгісі.
Иесі оны ұрып, бірақ сәлден соң оған бір бөлек жейтін бір зат тастаса бірден оны алады, бұл кек сақтамайтындардың белгісі.
9) Тамақ алдында бола тұрып, бірақ алыстан қарайды, бұл міскін кедейлердің белгісі.
10) Бір жерден кетіп қалса, бұрынғы орнына мән берілмейді, бұл тағдырына разы болғандардың белгісі.
Batyrbyek Khadis