Қыр астында қыс тұр

Қаһарлы қыстың алда не дайындап қойғаны бізге беймәлім. Сондықтан оның «тосын сыйына» сақадай сай болғанның артық етпесі анық. Ағымдағы жылдың 08 қазан күні Жуалы ауданында төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің іс-қимылдарын одан әрі жетілдіру, оған қарасты қызметтердің қысқы кезеңге дайындығы тексерілді.

Жалпы өткізілген шараның мақсаты қыс мезгілінде автомобиль жолдарының тау және қыр асулары, жолдардың қиын бұрылыстары мен өткелдерінің қысқы күтіп баптау және құтқару жұмыстарын атқаратын техникалармен шұғыл әрекет ету қызметінің жұмысын пысықтау.

☑️ Аталған іс-шарада аудан әкімі Ж.Мұртаза техникалардың дайындық жұмыстарымен танысып, тиісті мекемелерге бірқатар тапсырмалар берді.

Жуалы ауданы