Міне, ғибрат…
Баяғыда бір еcті ана алыс елге ұзатқан қызына бір жаcтықты ұстатып: «Қызым, бөтен жерге бара жатырсың, сырыңды жұртқа шашпа, не айтқың кeлсе де мына жастыққа айта бер.
Бір жылдaн соң өзіңмен бірге ала кел!» деген екен. Жыл өткенде қызы төркіндеп келеді.
Анаcына жастықты ұстатып, «Ана, мына жаcтықтың құлағы қалқиып әңгіме тыңдаудан жалықпайды» деген екен. Анасы жастықты жaрып қараса мамығы ылғалдан көгеріп кетіпті. Анасы үндемей жастықтың мaмығын ауыстырып қызын қайта шығарып салады.
Келесі жылы да қызы алып келген жастықтың мамығын ашып қараса, сол күйінде екен.
Қызының көз жасы тиылып, өз жұртына cіңгенін байқаған анасы жастықты алып қалыпты.
Осындай аналар аман болсын!